28.03.2019, 11:46
Оқылды: 25

Сырым ауданында ақылы ҰБТ-ға 125 оқушы қатысуда

Бүгін «Ұлттық тестілеу орталығының» Жымпиты ауылындағы филиалында 11-сынып оқушылары үшін ұлттық бірыңғай тестілеудің ақылы кезеңі басталды. Мемлекеттік комиссия мүшелерінің қатысуымен тест тапсырмалары ашылды.

IMG_20190328_091735

Филиалдың директоры Тілек Есенғалиевтің айтуынша, ақылы кезеңге қатысуға 125 оқушы өтініш білдіріпті.

Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесіне енген соңғы өзгерістерге байланысты мектеп бітірушілер биылдан бастап тестілеудің үш кезеңіне қатыса алады.Бұл өзгеріс түлектердің мамандық таңдау мүмкіндігін арттырмақ. Мемлекет грантқа үміткерлер үшін тестілеу маусым айында өтеді.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

IMG_20190328_095120

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале