17.04.2019, 19:00
Оқылды: 12

Сырым ауданында атаулы әлеуметтік жәрдемақы алуға 210 адам өтініш білдірген

Бүгін Сырым ауданына жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева келді. Ол аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында болып, мамандармен тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жұмыстары бойынша пікірлесті.

IMG_8188

Орталықтың кеңесшісі Әзілхан Уталиевтің айтуынша, Сырым ауданы бойынша атаулы әлеуметтік жәрдемақы алу жөнінде 210 адам өтініш білдірген. 344 адам жәрдемақы тағайындау мәселелері жайлы кеңес алған.

Осыдан кейін, Бибігүл Қонысбаева ауылдық округ әкімдерімен кездесті. Кездесуге Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Білдаш Ысқақова мен басқарма мамандары қатысты. Бұл жерде Е – халық бағдарламасын билік пен халықтың игілігіне пайдалану, деректерді уақтылы жаңарту мәселелері айтылды.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы, 

zhaikpress.kz

IMG_8179

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале