7.08.2017, 16:31
Оқылды: 27

Сырым ауданында ауыл әкімдері сайланды

Сырым ауданында мерзімі келген Алғабас, Бұлан, Елтай, Жосалы, Сарой, Талдыбұлақ және Шолақаңқаты ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті. Сайлауалды отырыста Сырым аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Асланбек Сарқұлов тыңдаушыларға дауыс беру тәртібін түсіндірді.


Жоғарыда аталған округтердің әкімдіктеріне үміткер ретінде ауданда 21 үміткер тіркелген. Олар осыған дейін аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйымдардың алдында өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстыруға мүмкіндік алды. Сайлауда үміткерлер үшін дауыс беруді халықтың өкілдері ретінде аудандық мәслихаттың депутаттары жүргізді.

Енді Алғабас ауылдық округі бойынша Мейірбек Хасанов, Бұлан ауылдық округі бойынша Тимур Кубаев, Елтай ауылдық округі бойынша Қайырбек Аманғалиев және Сарой ауылдық округі бойынша Айбол Жакиев округ әкімі қызметін атқаратын болады. Жосалы ауылдық округінің әкімі Қобыланды Ғабдешов пен Шолақаңқаты ауылдық округінің әкімі Тимур Айтқалиев өз лауазымдарына қайта сайланды.

Аудандық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын аудан әкіміне ұсынады.

 Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале