9.02.2018, 16:52
Оқылды: 19

Сырым ауданында былтыр 6 кәсіпкерлік жоба іске асқан

Бұл туралы бүгін тұрғындар алдында есеп берген Сырым ауданының әкімі Т.Төреғалиев баяндады.

Сырым ауданында 1199 шағын кәсiпкерлiк нысан тіркелген, нақты жұмыс жасайтыны – 1008. Аталған бизнес субъектілері қазір ауданның 2257 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкерлік нысандардан былтыр 148,1 млн. теңге салық түскен.

- 2016-2020 жылдарға арналған шағын және орта бизнес саласын дамыту жоспары бойынша жоспарланған 16 жобаның өткен жылы құны 219,0 млн. теңге болатын 6 жоба жүзеге асып, 22 тұрақты жұмыс орны ашылды. Олар: Жымпиты ауылынан «Нефтек» жанар-жағармай құю бекеті, ветеринарлық дәріхана, таза ауыз су құю дүңгіршегі, қымыз шығару цехы, Бұлдырты ауылынан шаштараз, Тоғанас ауылынан балық шаруашылығы. Өткен жылы басталған «Жібек Жолы» ШҚ-ның жолаушыларға арналған кешені, мал сою пункті, «Өркен» құрылыс-сауда дүкені, «Батпақты» шаруа қожалығының мал бордақылау алаңы сынды ірі жобалардың аяқталуы биылға жоспарланып отыр,-дейді аудан әкімі Т.Төреғалиев.

zhaikpress.kz

Суретке түсірген Айбатыр Нұраш

1 1ff7b869-9448-4d64-8696-47d6163a6f7f 2 4 6 48239b69-bb39-4cff-b6ac-384227151e97

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале