12.11.2018, 12:55
Оқылды: 31

Сырым ауданында қойға қасқыр шауып, қырып кеткен

Сырым ауданы Шолақаңқаты ауылдық округіне қарасты Аңқаты елді мекенінде оқыс оқиға орын алды. Қарашаның 6–нан 7–не қараған түні «Жасдәурен» шаруа қожалығының жайылымында жүрген 41 бас қойды қасқыр қырып кеткен.

qasqyr

         Қойдың қырғыны қасқырдан келді деген болжамды қожалықтың жетекшісі Нұрлан Досанов айтып отыр. Себебі 60 бас қойдың 19–ы ғана бытырап кеткенінің арқасында аман қалып, қалғандары түгелдей жарылған, тіпті кейбірі жартылай желініпті. Ал қасқырлар осындай кесапатты ұйымдастыруға әбден «шебер» келеді.

         Нұрлан Досановтың сөзіне қарағанда, қожалықтың малшысы сиыр қайырудың қамымен жүргенде, қой оңашаланып кетеді. Күн қараңғы болып кеткесін, қойды түгендеу таңертеңге қалып қойған екен. Ертесіне болған жағдай белгілі.

         Осы оқиға туралы жергілікті аңшылармен пікірлесіп көріп едік, олар лаң бұралқы иттерден де келуі мүмкін дейді. Өйткені былтыр аңшылар аудан орталығының іргесінде Өлеңті ауылының қойына шапқан екі итті атып тастаған болатын

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале