8.06.2017, 17:54
Оқылды: 44

Сырым ауданында қос бірдей модельді кітапхана іске қосылды  

 

Кейінгі кездері аудан орталығының іргесіндегі Өлеңті ауылының мәдени өміріне өң кіре бастады деп айтып жүрміз. Сөзіміздің дәлеліндей, бүгін ауыл кітапханасына «Модельді кітапхана» мәртебесі берілді.

Салтанатты шараға Сырым ауданының әкімінің орынбасары Төлеген Төреғалиев, Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Шолпан Оразаева және облыс орталығы мен көршілес аудандардан келген кітапханашылар қатысты.

Өлеңті ауылдық кітапханасында 780 оқырман бар. Кітапхананың кітап қоры 10 мыңды құрайды.

Шара аясында ауыл тұрғындары Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орай өткен «Алаш арыстары – ел жадында!» атты әдеби сазды шараны тамашалады. Осы шарада белсенді оқырмандар марапатталды. Х. Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының өкілі Айман Ниязова жас оқырмандарға сыйлық табыс етті.

Түстен кейін Сарой ауылдық округінің орталығындағы Шағырлой ауылдық кітапханасы да модельді режимге салтанатты түрде ауысты. Айта кетейік, ауданымыздағы Алғабас, Аралтөбе және Бұлдырты ауылдық кітапханалары модельді кітапхана деген мәртебемен жұмыс жасап жатыр.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале