24.04.2017, 11:31
Оқылды: 18

Сырым ауданында көшет отырғызылды

Бүкілқазақстандық ағаш егу күні аясында жымпитылықтар Өлеңті өзенінің аңғарына 450 түп көшет отырғызды.


- Бұл жер болашақта саябаққа айналуы мүмкін. Ол бірақ әкімге емес, жымпитылықтардың өзіне тікелей байланысты шаруа сияқты. Себебі ауыл табиғатының көрікті болғаны бәрімізге керек, - дейді Жымпиты ауылдық округінің әкімі Қайрат Төлепов.

Осы күні ауданның барлық округінің орталықтарында сенбілік жұмыстары жүрді. Ағаш егу күнінің құрметіне орай ауылдардағы саябақтар мен көшелерге ағаш көшеттері егілді. Аудан бойынша отырғызылған көшеттердің түгел саны 2 600 түпті шамалайды. Олардың ішінде қара ағаш, үйеңкі және шетеннің талдары бар.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале