12.07.2017, 19:30
Оқылды: 36

Сырым ауданында қылмыс 33, 3 % - ға азайған

Sirim kilmis  Сырым ауданында қылмыстың тіркелуі былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 33, 3 % - ға азайған. 2016 жылы алғашқы жартыжылдықтың ішінде аудан көлемінде 105 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе, 2017  жылы бұл көрсеткіш 70 – ті құрап отыр.


         Бұл туралы бүгін Сырым ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Сырым аудандық мәслихатының кезектен тыс ХVII сессиясында хабарлама жасаған аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Ерлан Жоралиев мәлімдеді.

      Бәрінен бұрын айтып кететін жағдай, ауыр санатты қылмыстар саны 7 – ден 5 – ке дейін азайып, ашылу пайызы да 37, 5 % - дан 87, 5 % - ға дейін жақсарған. Бүгінгі сессияда бұдан басқа аудандық мәслихаттың 2017 – 2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы шешіміне өзгеріс енгізу мәселесі де қаралды. Түсінсек, халықтың әлеуметтік ахуалын арттыруға арналған мемлекеттік «Өрлеу» бағдарламасы қосымша қаржыландырылатын секілді. Осы сияқты басқа да өзгерістер бар.

   Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың депутаттары сөйледі. Сессияны аудан әкімі Төлеген Төреғалиев қорытындылады.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале