31.01.2019, 12:26
Оқылды: 50

Сырым ауданында медиатренинг өтуде

 Бүгін Сырым ауданында «Жаңа медиа: құралдар мен әдіс-тәсілдер» атты әлеуметтік желідегі белсенді авторлар мен мемлекеттік қызметкерлерге арналған медиатренинг басталды.

syrym (9)

Медиатренинг Сырым аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Жайық Пресс» ЖШС-ның Сырым аудандық филиалы  «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің ұйымдастыруымен өтуде.

«Тамаша» мейрамханасында өтіп жатқан шараның ашылу салтанатына  Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев, «Жайық Пресс ЖШС-ның директорының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Мықтыбай, журналист, блогер Нұрлыбек Рахманов, Батыс Қазақстан  облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Бағдат Ізмағанбет қатысуда.

 Алдымен аудан әкімі келген қонақтармен кездесті. Төлеген Серікқалиұлы тренингке қатысушыларға журналистер сапарының мақсатын түсіндірді.

Тренингке қатысушылар екі аудиторияға бөлінді. Нұрлыбек Рахманов, Бағдат Ізмағанбет мемлекеттік қызметкерлерге, жас блогерлер мен штаттан тыс тілшілерге әлеуметтік желіні қолдануда нендей мәселелерге көңіл бөлу керектігі туралы айтуда.

syrym (6)

syrym (3) syrym (20) syrym (21)

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале