27.04.2018, 14:24
Оқылды: 80

Сырым ауданында тұңғыш рет республикалық Қадыр оқулары басталды

IMG_9037Бүгін Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған тұңғыш республикалық Қадыр оқулары басталды.

Шараның құрметті қонақтары мен қатысушылары таңмен Сырым батырдың кесенесіне аялдады. Оларға осы жерден елдің дәмі ұсынылды. Меймандарды салтанатты қарсылау аудан орталығындағы ақын Қадыр Мырза Әлидің ескерткішінің басында болды. Қадыр оқуларының қатысушылары бүгін Алаш саябағының ауласындағы жаңа аллеяның алғашқы ағаштарын отырғызды.

І республикалық Қадыр оқуларының салтанатты ашылуына Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова, сол сияқты Қадыр Мырза Әлі атындағы қордың директоры, «Құрмет» орденінің иегері, әнші – композитор Донеділ Қажымов пен оның жары, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші-rомпозитор Гүлнәр Дәукенова қатысты.

IMG_8897Айта кетейік, ақын оқуларына Астана және Алматы қаласының, одан бөлек Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының және Сырым ауданының оқушылары қатысуда. Олар түске дейін ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу, ақынның сөзіне жазылған әндерді орындау және ақынға арналған авторлық өлеңдер аталымдары бойынша сайысады. Әр аталым бойынша дербес қазылық құрам құрылған.

І республикалық Қадыр оқуларының гала-концерті түстен кейін аудандық Мәдениет үйінде өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер сол жерде белгілі болады.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

IMG_9075 IMG_9231

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале