20.10.2020, 17:19
Оқылды: 671

Сырым ауданында ұрылар құрықталды

Ағымдағы жылдың қазан айының 14-інен 15-іне қараған түні Сырым ауданына қарасты Бұлдырты ауылында тұратын зейнеткер, жұбайы екеуі тұратын, ақ адал малымен күн көріп отырған М.Габдуловтың  қорасынан екі қойы қолды болды. 15 қазан күні Сырым аудандық полиция бөліміне М.Габдулов қоңырау шалып, болған оқиғаны баяндап, шағым түсірді.

 ұры

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-1 бабы 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиға орнына Сырым аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Б.Қуанов бастаған жедел тергеу тобы жетті. Қылмысты ашу мақсатындағы жедел іздестіру кезінде қылмыс орын алған түні ауылға Орал қаласынан екі азамат келіп кеткені анықталды. М.Габдуловтың қойларын ұрлаған Бұлдырты ауылының тумасы, Орал қаласында тұратын 1998 жылғы және 1999 жылғы екі азамат ұсталды. Қылмыскерлер қылмысын толық мойындап, 1998 жылғы азамат қамауға алынды. Бүгінгі күні тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  188-1 бап, 3 бөлімі ауыр қылмыс саналады. Аталған бап бойынша қылмыскерге 5-10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу көзделген.

                         

Сырым аудандық полиция бөлімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале