8.10.2019, 11:15
Оқылды: 348

Сырым ауданында жайын өсіретін шаруашылық құрылады

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен «АяТ»  жеке кәсіпкерлігі грант ұтып алып, жайын балығын өсіретін фермерлік шаруашылық құруға жұмыстануда. Бұл жайлы Өңірлік коммуникация қызметі өткізген брифингте Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев айтты.

toregaliev

- Осы мүмкіндікті пайлана отырып, Самара-Шымкент халықаралық жол бойында орналасқан ауданымызға инвестициялық жобаларын дамытуға ниет білдіруші бизнес өкілдерін шақырамыз. Бұл үшін ұсынатын жобаларымыз да дайын. Ауданымыз үшін маңызды инвестжобалар қатарында ауданнан сүтті-тауарлы ферма ашу, сүт өндіретін шағын цех ашу, құс шаруашылығын дамыту, ағаш бұйымдарын өндіруге арналған шағын цех және Талдыбұлақ, Шолақаңқаты ауылдық округтерінен бұрынғы алма бағын жандандырып, жаңғыртуға ниетті бизнес өкілдері болса, жан-жақты қолдау көрсетуге әзірміз,-деді Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале