31.05.2017, 17:13
Оқылды: 25

Сырым ауданында «Жанша» қойылымы сахналанды

Биыл Сырым ауданы Алашорда үкіметінің құрылғанының 100 жылдығы мен осы үкіметтің көрнекті қайраткері, заңгер Жаһанша Досмұхамедовтің туғанына 130 жыл толуын атап өтеді.


Кеше Сырым аудандық Мәдениет үйінің сахнасында Жымпиты және Бұлан халық театрының әртістері «Жанша» қойылымын қойды. Сценарийі өлкетанушы Жайсаң Ақбайдың «Жанша» атты кітабындағы деректердің негізінде жазылған, ал қоюшы режиссері – Дамира Әбдірахманова.

Қойылым Алашорда үкіметінің мүшесі әрі көрнекті қайраткері Жаһанша Досмұхамедовтың қайраткерлік жолы туралы баяндайды. Көрермен сахнадан Жаһанша Досмұхамедов, Халел Досмұхамедов, Бақытжан Қаратаев, Қуанай Хазірет сияқты қазақ зиялыларының бейнелерін көре алады.

Бір айта кетерлік дүние, әртістік құрамның сәтті таңдалынғаны болар. Жергілікті театрдың әртістері Жоламан Еркін, Сәндібек Өтеғалиев, Нұрсұлтан Қалешов және Армат Алдамжаров басты кейіпкерлерді шебер сомдады.

 Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале