10.08.2019, 16:14
Оқылды: 332

Сырым ауданында жастарға арналған коворкинг ашылады

 Облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов Сырым ауданына іссапармен келді. Облыс әкімінің орынбасары Сырым аудандық полиция бөлімінің аудан орталығы көшелеріне орнатқан камералардың жұмыс жасау жүйесімен танысты.

IMG_3656

Бейнебақылау камералардың жұмысы туралы Сырым аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші, полиция полковнигі Бақытберген Өтеев орынбасары таныстырды.

–  Жол ережесін орындау, қауіпсіздігін белгісін тағу сияқты мәселелерде талапты орындамаған көліктерді анық көріп отырамыз. Бізде қазір «Қауіпсіз аула мен тұрмыс» деген профилактикалық шаралар жүріп жатыр. Профилактикалық іс-шара аясында қоғамдық орындарда заң бұзушылықтың орын алмауын қадағалаудамыз. Бейнекамера 360 градусқа дейін бұрылып, жан-жағын түгел 50 шақырымға дейін көрсете алады. Өте таза, анық көрсетеді. Қатты желде қорқыныш жоқ, радиокөпір арқылы жұмыс жасайды. Күнде кезекші мониторинг жасайды, -деді. «Камералардың бәрін қарап отыруға компьютердің күші жете ме?» деген Ғабидолла Абдоллаұлының сұрағына Бақытберген Қазмолдаұлы:  «Жетеді» деп жауап берді.

–  Бейнебақылау камералары қылмыстың ашылуына септігін тигізеді, алдын алады, тұрғындарды тәртіпке шақырады, қаншама полиция қызметкерлерінің уақытын үнемдейді, патрульдік полция жүретін орындарда бейнебақылау камерасы бар, бір полиция қызметкері бірнеше бейнекамераны бақылап отыра алады. Осы жүйеге көшкендеріңіз өте жақсы болды. Аудандағы, облыстағы құқық пен тәртіптің сақталуына сеп болады. Мұндай бейнебақылау камераларын алдағы уақытта көбейту керек,-деді Ғ.Оспанқұлов.

IMG_3674

Одан кейін облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің 15 жылдығына орай аудан орталығында ашылатын коворкингтің жөндеу жұмыстарымен таныс болды. «Сырым» таксиі орналасқан ғимараттың бірінші қабаты жастарға арналған коворкинг орталығына бейімделу үстінде. Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Нұртілеу Болат болашақ коворкингтің құрылыс жоспарын түсіндірді. Оның мәлімдеуінше, әкімшілік бөлім, кофе-брейк, жастар қызмет көрсету орталығы, студиясы, «Адалдық алаңының» кеңсе-бөлмесі болады. Ресурстық орталықтың кеңесші мамандары арнайы курстан өтіп, дайындалып, жастарға қызмет көрсетеді.

Шағырлой ауылындағы Абай орта мектебі – күрделі жөндеуді аса қажет етіп тұрған мектептердің бірі. Облыс әкімінің орынбасары сол Абай орта мектебін де арнайы барып, көрді.

IMG_3725

Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Дайыр Сапаров мектептің жағдайымен таныстырды. Мектептің терезелері де, едені де тозығы жеткен. Акт залының төбесі құлау қаупінде тұр. Жауынды күндері төбеден су ағады. Асхананың құрал-жабдықтарының бәрі де ескі, едендерінің кафельдері алынып қалған. Ағымдағы жөндеудің, күтіп ұстаудың күшімен тұрған мектеп екенін айтты Д.Сапаров. Бүгінде мектеп 80 пайыз ағымдағы жөндеуден өтіп тұр.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА,

Сырым ауданы

IMG_3700 IMG_3757 IMG_3753 IMG_3751

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале