9.02.2018, 17:09
Оқылды: 55

Сырым ауруханаларына дәрігерлер жетіспейді

Бұл туралы аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтің есебінде айтылды.

Аудан бойынша бүгінгі күні тұрғын үй кезектілігінде 284 адам тіркелген. Өткен жылы Жымпиты ауылынан 14 және Бұлдырты ауылынан 10 коммуналдық-жалдамалы тұрғын үйлер салынып, кезекте тұрған тұрғындарға берілді.

Ауданның тұрақты және көлдетіп суармалы жерлерін қалпына келтіру, мал азығының берік қорын жасақтау мақсатында құны 205,4 млн. теңге болатын Шолақаңқаты өзенінің су жіберу құрылғысын және Өлеңті көлдетіп суармалау жүйесін жаңғырту жұмыстары аяқталды.

Жымпиты ауылынан құны 39,2 млн.теңге болатын әкімшілік ғимаратының құрылысы жүргізілуде.

- 2017 жылы жалпы білім беретін Сырым орта мектебі 156,2 млн.теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар Жетікөл бастауыш мектебіне 2 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Алғабас, Тоғанас, Аралтөбе ауылдарына жалпы тәжірибедегі дәрігер және аудандық орталық ауруханаға 3 арнайы дәрігер маман жетіспейді. Аудан бойынша денсаулық сақтау мекемелеріне тозығы жетуіне байланысты байланысты жедел-жәрдем автокөлігінің қажеттілігі туындап отыр.  Сонымен қатар Қарағанды, Құспанкөл, Жаңаөңір, Жетікөл, Көгеріс, Аңқаты елді мекендеріндегі медициналық пунктер күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

 zhaikpress.kz

Суретке түсірген Айбатыр Нұраш

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале