24.04.2017, 11:08
Оқылды: 38

Сырым барысы анықталды

????????????????????????????????????

  Сырым ауданында «Қайсар» спортклубының ұйымдастыруымен қазақ күресінен ересектер арасында «Қазақстан Барысы» атты аудандық іріктеу турнир өткізілді.

  Сырымда мұндай байрақты бәсеке алтыншы рет өткізіліп отыр. Барлығы 70-ке жуық палуан қатысқан жарыста 55 келі, 60 келі, 66 келі, 74 келі, 82 келі, 90 келі, 100 келі және Түйе палуан салмақтары бойынша белдесті.


  Айтулы додада бақтары мен баптарын сынап, атан жілікті, атпал азаматтардың арасынан 55 келіде өлеңтілік Орынбасар Серіков, 60 келіде саройлық Қазбек Айболатов, 66 келіде жосалылық Нұрхан Мағзомов, 74 келіде өлеңтілік Айбол Уразғалиев, 82 келіде жосалылық Айбек Габдешов, 90 келіде жымпитылық Темірлан Ғаббасов, 100 келіде Нұрымжан Ғаббасовтар жеңіс тұғырынан көрінді.

  Түйе палуан атағы үшін 6 палуан белдесіп, жымпитылық Нұрымжан Ғаббасов түйе палуан атанды. Түйе палуан атағы үшін белдескендерге «EXPO 2017» көрмесіне 3 күндік жолдама табысталды.  Айта кетейік, Нұрымжан екінші жыл қатарынан Түйе палуан атанып отыр.

Үміт Жәңгірова

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале