1.12.2016, 11:06
Оқылды: 44

Сырымдағы салтанат

screenshot_2016-12-02-08-55-23-1Тәуелсіз қазақ елінің Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы күніне орай аудандық Мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.


Аудан әкімі Абат Шыныбеков құттықтау сөз сөйлеп, әр салада Елбасының сарабдал саясатын жалғастырып, ауданның дамуына сүбелі үлес қосып келетін қызметкерлерді марапаттады.

Аудан басшысының қолынан алғыс хат алғандардың қатарында Р.Бахтиярова, Б.Жалмағамбетова, Ж.Өтеулі, С.Тоқжанова, Е.Масалимов, З.Бекмұхамбетова, Г.Боранбаев және басқалары бар. Мемлекеттік қызметке жаңадан келген жас мемлекеттік қызметші ант қабылдады.

screenshot_2016-12-02-09-03-31-1Бұдан кейін халық театрының режиссері Г.Өтешова, аудандық мәслихат депутаты Д.Тайшиев Тұңғыш Президент күніне орай жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Салтанатты жиын «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік концертке жалғасты. Сахна шымылдығы үлгілі «Жауқазын» би ансамблінің «Шалқыма» биімен түрілді. А.Əбуғалиева «Елбасы» әнін орындаса, А.Алдамжаров Елбасының сөзіне жазылған «Шұбар ат» әніне салды. Ұлттық рухты асқақтатып, отансүйгіштік қасиетімізді еселеген ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай елжандылықты, егемендікке деген сүйіспеншілікті арттырып, Елбасына құрметті үстем ете түсетін әндер әуеледі.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале