15.01.2019, 19:39
Оқылды: 27

Сырымда 12 елді мекенге ауыз су жүргізу жұмысы басталады

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Сырым ауданына жұмыс сапарымен келді.

IMG-20190115-WA0039

Өңір басшысы әуелі Шолақаңқаты ауылдық округінің тұсына аялдап, жергілікті шаруалармен кездесті. Облыс әкімімен болған кездесуде "Қарағанды" шаруа қожалығының жетекшісі Ерболат Аткаев, «Раушан» шаруа қожалығының жетекшісі Берік Айтақашев ауылшаруашылық мәселелері жөнінде әңгімелесті. Тоғанас ауылының 12 шақырымдық кірме жолын жөндеу мәселесі де осы кездесуде айтылды. Алтай Көлгінов кейін аудан орталығындағы жергілікті актив жиынына қатысты. Жиналыстың күн тәртібінде Кеңашы елді мекеніндегі су кен орынынан Жымпиты ауылына жаңа ауыз су желісін тарту мәселесі талқыланды. Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевтің айтуынша,  ауданның 7 бірдей елді мекеніне топтық су құбыры тартылса, 3-не су жүргізу үшін конкурс жарияланған, ал тағы екі елді мекенге конкурс енді жарияланатын болады. Осылайша 12 ауыл  таза ауыз сумен қамтылмақ. Жобаны облыс әкіміне «Қазэкологияжобалау» ЖШС директоры Ерлан Әбдіров таныстырды. Жиналыстың соңы өңір басшысының Сырым ауданының белсенді жастарымен жүздесуіне ұласты. Облыс әкімі түстен кейін «Жібек жолы» шаруа қожалығында болды. Айта кетейік, бұл қожалық асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын аудандағы іргелі шаруашылықтың бірі.

IMG-20190115-WA0038

IMG-20190115-WA0042

IMG-20190115-WA0041

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале