24.12.2018, 11:26
Оқылды: 48

Сырымда 4 медициналық нысан күрделі жөндеуден өтті

Сырым ауданы бойынша биыл 4 бірдей медициналық нысан күрделі жөндеуден өтті. Қарағанды, Құспанкөл, Жаңаөңір және Жетікөл медициналық пункттерінің күрделі жөндеуі үшін облыстық бюджеттен 52 млн теңге қаражат бөлінген.

 IMG_0765

Шолақаңқаты ауылдық округіндегі жұмыс сапары кезінде аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов жөндеуден өткен Құспанкөл медициналық пунктінде болды.

-Бізде қабылдау бөлмесі, дені сау балалар бөлмесі, ем – дом бөлмесі, салауатты өмір салты бөлмесі және 3 кісіге арналған күндізгі стационар жұмыс істейді. Пункт кәріз жүйесіне қосылған. Күрделі жөндеу ғимаратымызға жаңа ажар беріп қана қойған жоқ, қызметімізге де жаңа серпін беруде. Пункттің заманауи мүмкіндіктерге ие бола бастағаны үшін әсіресе тұрғындар қуанышты,- дейді пункттің меңгерушісі Күләш Сәрсекенова.

Аудандық орталық аурухананың директоры Роза Тахамбетованың айтуынша, алдағы уақытта ауылдардағы медициналық нысандардың техникалық жағдайы да жаңартылмақ.

IMG_0754 IMG_0755 IMG_0759

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале