24.03.2017, 14:19
Оқылды: 28

Сырымда әйелдер арасында қол күресінен жарыс өтті

 

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі Сырым ауданында үлкен ықыласпен тойланды. Жиналған жұртты Наурыз мерекесімен  аудан әкімі Абат Шыныбеков құттықтады.

Аудан өнерпаздары қатысқан «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік бағдарлама тойшылап келген елге жақсы мәдени демалыс сыйлады.

Бұдан соң «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен ұлттық спорт ойындарынан жарыс өтті. Айта кетейік,бұл күні  аудандық мәслихаттың депутаты Бақытжан Хамидуллиннің демеушілігімен тұңғыш рет әйелдер арасында қол күресінен сайыс ұйымдастырылды.

Сонымен қатар биыл тұңғыш рет Сырым ауданының орталығындағы басты көшелер Наурыз мерекесін өздерінің көшелерінде тойлады.

Мейрамның алғашқы дүбірі Қарасу мөлтекауданы жағында басталды. Бұл жақта Наурыз тойының құрметіне қазақ ауылы тігілді. Ел ағаларының тілегінен кейін жұртшылық ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.

Концерт жүріп жатқан шамада Қарасуда «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен қол күресі, гір тасын көтеру және арқан тартыстан жарыстар өтті. Түскі уақытта жұрттың бәрі ауыл балаларының аударыспақ ойнағанын қызықтады. Бұл сайыста Жомарт Қайыржанов жеңімпаз атанды.

Дәл осындай көше мерекесі Жымпитының ортасындағы С. Датұлы атындағы мәдени-демалыс саябағында өтті. Бұл жақта жеңгейлер ошаққа қазан асып, жас келіндерге үлгі көрсетті. Одан бөлек, бұл көшеде жас палуандардың күресі өтті. Күрес жеңімпаздары мен тойды ұйымдастыруға атсалысқан белсенді тұрғындарды Жымпиты ауылдық округінің әкімі Қайрат Төлепов марапаттады.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале