8.10.2018, 19:03
Оқылды: 76

Сырымда «Алаш аманаты» кітабының таныстырылымы өтті

Сырым ауданы, Бұлдырты ауылдық мәдениет үйінің фойесіне қойылған «Алаштың рухы – ұлттық рух» атты кітап көрмесінде  Алашорда тарихы, Күнбатыс Алашорда және Жаһанша Досмұхамедов туралы өмірдерек қамтылған кітап көрмесі таныстырылды.

43257413_2077538882576168_3898036352763035648_n

Сырым ауданы әкімдігінің қолдауымен жарық көрген «Алаш аманаты» кітабын Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің директоры Айнагүл Ойшыбаева алаш тарихының тереңіне бойлап, танымдылығы мен тағылымдылығын зерделеп, ұрпаққа сыбаға етіп ұсынды. Құнды дүниені жинақтап, құрастырды. Төрт бөлімнен тұратын кітапта Жаһанша туралы Мәскеу мұрағатынан алынған құжаттар, Семей, Мәскеу қалаларына ауданнан барған экспедиция,  былтырғы Алашорданың 100 жылдығына орай  өткен шаралар, онлайн конференциялар, семинарлар, ауданға басқа облыстардан келген экспедициялар, 100 алаш қайраткерінің  өмірдеректері жарияланған. Оқырманға жол тартқан жаңа кітаптың тұсауын шара қонақтары М.Тәж-Мұрат пен  Ж.Ақбай кесті.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

43134129_2077538952576161_4979937631077924864_n

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале