23.11.2018, 10:41
Оқылды: 66

Сырымда алты ажырасу ісі медиациямен тоқтатылды

Шаңырақ құрған отбасылар арасында ажырасудың деңгейі өсіп отыр. Сырым аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Жанна-Мари Веберге жолығып, мәселе төңірегінде сыр тартқанбыз.

50151-6-institut_mediacii_goto_ru

         -Аудандағы тұрғындар арасынан некелерін бұзуға арыз берушілер өткен жылдар әйелдер тарапынан болатын болса, қазіргі ер азаматтар белсенділік танытуда. Мұның да нақты сыры бар. Мәселен, қазіргі заманда әйелдер от жақпайды, кір жумайды. Үйге газ, су келіп тұр, барлық жағдай жасалған. Ал үйдің отағасы қаржы табу үшін вахтамен Атырау, Ақтау қалаларына жұмысқа кетеді. Міне осындай сәттерде үйде қалған әйелі құрбыларымен қызық қуып, түрлі ортада, бейтаныс азаматтармен танысып, жүріс жасаудың жолына түскендігін байқамай қалады. Әйелінің осындай жеңіл жүріске түскендігін естіп, куә болған күйеулерінің ажырасуға арыз жазбасқа амалдары қалмайды, - дейді Жанна-Мари Вебер.

Өткен жылы аудан бойынша неке бұзуға қатысты 19 іс қаралып, оның 14-і қанағаттандырылып, 5-уі медиация арқылы татуласқан. Жыл басталғалы ажырасуға қатысты 28 істің 17-cі қанағаттандырылып, 6 іс медиациямен тоқтатылды.

Мүсірбек АЙТАШЕВ,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале