19.09.2019, 12:15
Оқылды: 327

Сырымда «Ашық әкімдік» шарасы өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы» жарлығына сәйкес несиелерді өтеу бойынша Сырым ауданында ашық есік күні өтті.

syrym ashiq akimdik (1)

Аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Асхат Утекешов, аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Дамир Кажиахметов, Сырым аудандық әділет басқармасының басшысы Нұрлы Қайыржанова, аудан әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Ахат бөлімінің бас маманы Анар Ишмұханова қатысты.

syrym ashiq akimdik (3)

 «Ашық әкімдік» шарасына келушілердің ішінде жастар, көп балалы аналар, егде жастағы адамдар да бар.

БҚО әкімдігінің бастамасымен өңірімізде дәстүрлі «Мейірімді көктем» атты көп балалы отбасыларды және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған жобасын жүзеге асыру ұсынылған еді. Президенттің тапсырамасына сәйкес Бұлдырты ауылының тұрғыны, көп балалы ана Самал Ихсанованың жанұясы несиені кешіру тізіміне ілінді. Несиесінің бір бөлігі Үкімет тарапынан өтелген.

syrym ashiq akimdik (4)

-Биыл қызымыз облыс әкімінің грантына ие болып, оқуға түсті. Үкімет жұмыссыз және көп балалы отбасыларды қолдау мақсатында ауыл тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек беріп, ауыл тұрғындары ол қаржыға мал сатып алып, басқа да шаруаларын түзеп, жағдайлары біршама жақсарып қалды. Мен де атаулы әлеуметтік көмек алдым, - дейді Самал Ихсанова.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале