13.02.2020, 11:23
Оқылды: 88

Сырымда аудандық музей жаңа жобаны қолға алды

Сырым аудандық білім беру бөлімінің бастамасымен «Музейге кел, жас досым!» атты акция басталды.

syrym (2)

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биылғы өтетін мерейтойлардың бағыттарын түсіндіру, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, өлке тарихын терең білу мақсатында ұйымдастырылып отырған бұл акцияға ауданның барлық мектептері белгіленген кестеге сай келе алады. Алғашқы болып Сырым мектеп лицейінің 10-сынып оқушылары музейге экскурсия жасады.

syrym1 (4)

-Жас достарымыз өздеріне қажетті құнды ақпаратты толық алуы керек. Алдағы уақытта Сырым тарихы, аудан флорасы мен фаунасы, Алашорда тақырыптарына ашық сабақ өткіземін деген мұғалімдер табылып жатса, тіптен құба-құп, - дейді аудандық музей директоры Айнагүл Ойшыбаева.

syrym1 (5)

Музей балалардан бөлек ересектерге де ыңғайлы график құрып, жаңа жобаны қолға алған. Ал «Кешкі музей» рухани байып қайтуға таптырмайтын мүмкіндік десек, «Музейге сый» акциясы жыл бойы үздіксіз жүргізілмек. «Музейге сый» жасау арқылы отбасылық бір немесе бірнеше құнды жәдігерді тапсырып, жазғы маусымға «Отбасылық абонемент» алуға да мүмкіндік бар. Музейге кіру құны да қалтаңды қақпайды.

Айжан Амангелдина
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале