25.05.2020, 14:09
Оқылды: 37

Сырымда ауру ошақтары дезинфекциялануда

Сырым ауданында науқастар анықталған мекенжайлар, атап айтқанда 1 әлеуметтік нысан мен 2 жеке тұрғын үй дезинфекцияланды.

E7691C25-A462-4446-907F-B93790EBAA7B

-  Аудандық ауруханадан жұқпа тіркелгені жөнінде жедел хабарлама түскен бойда ошақтарда эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырудамыз. Біздің мамандар ошақтарда эпидемиялогиялық тергеу жұмыстарын жүргізеді, науқаспен қарым-қатынаста болған кісілерді анықтайды, аудандық аурухана  зертханалық тексеруден өткізу және медициналық бақылау жүргізу үшін үй карантиніне алады. Індеттің "шынжырын үзу" жолында аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары Бибінұр Мұхамбетжанова, Гүлбану Мәулетова, Тәнзила Есқалиева еңбек етуде.

- дейді Сырым ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ләззат Мұқанова.

Дезинфекцияны басқарманың сұранысы БҚО бойынша дезинфекция орталығының аудандағы филиалының мамандары жүргізуде.

Осы тұста Қайырболат Қуанышбаев пен Тұран Батырғалидың қызметін атап өткен жөн.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале