16.10.2019, 12:52
Оқылды: 2204

Сырымда автобус жүргізушісі ауылдасының үйіне газ өткізуге көмектесті

«Сырым елі» газетінің өткен санында «Үш дерт, үш тағдыр – бір жанұя!» атты мақала жарық көрді. Мақалада бір шатырдың астында үш бірдей науқастың ғұмыр кешіп жатқаны, олардың әлі күнге от жағып отырғаны айтылып, газет редакциясы оқырмандардан Ғарифуллиндер жанұясының баспанасына көгілдір отын кіргізуге көмек сұраған.

mde

Сырқатпен сыналған отбасының тағдырымен танысып, олардың көмекке мұқтаж екенін білген ел қам-қарекетсіз отыра алмады. Бәрі қал-қадірінше есепшотты толтыруға тырысты. Қазан айының 10 жұлдызынан бастап кешегі күнге дейін газеттің тілшісі Айжан Амангелдинаның атындағы 5169 4931 0137 9918 cанды KASPI GOLD есепшотына 66 адамнан 137 402 теңге қаражат түсті.

Жұмыс бабымен жүргенімізде бейтаныс кісі қоңырау шалды. Тұтқаның ар жағындағы әйел адам өздерінің Алғабастың жанындағы Жаңаөңір ауылынан екендігін, жолдасының Қалау ағайды (жаңағы үйдің иесі) танитынын айтып, Ғарифуллиндердің баспанасына газ өткізу қызметін толықтай төлесек деп ұсыныс білдірді. Біз қуанып кеттік. Ішімізде «Бұл жомарт адам кім екен?» деген сауал да болды.

Сол жомарт адам сейсенбі күні Жымпитыға арнайы келді. Таныстық. 1983 жылы Жаңаөңірде дүниеге келген, кейін Алғабастағы мектепте білім алған Жасталап Жалғасбаев деген азамат екен. Жасталап ағамыздың үлкен фирмасы не үлкен қожалығы жоқ. Бірақ Құдай оған үлкен жүрек беріпті. Бір көмегім болсын деп, ол көзімізше шотымызға 330 000 теңге қаражат аударды.

Бүгін Орал қаласында тұратын оның шынымен де басында бизнесі, үйінің қасында дүкені жоқ. Бар жоғы қаланың ішінде автобус жүргізеді. Жолдасы Данагүл сол автобуста кондуктор. Өздері 4 бала өсіріп отырған көп балалы жанұя. Баласы көп үйдің шығыны да көп болатыны белгілі. Соған қарамай, ауылдасының баспанасына газ өткізу қызметінің толық қақын қалтасынан төлеп берген Жасталаптың азаматтығын бейбіт күннің ерлігі деп бағаладық.

Алғабас ауылында бір үйге газ кіргізудің құны – 370 000 теңге. Осы жерде мердігер «Экодаши Газ и К» серіктестігінің директоры Қазыбек Гусмановтың газеттің ұсынысын қабыл алып, 40 000 теңгеге жеңілдік жасағанын да айта кетуге тиістіміз.

Газ өткізу қызметінің қаражаты шешілгенменен, біз үйдің ішкі жұмыстары, яғни жылу жүйесін жүргізу үшін әлі көмек жинау үстіндеміз. Жақсылық жасап үлгеріп қалыңыздар.

КӨМЕКТЕСЕМІН ДЕУШІЛЕРГЕ:

 

Газеттің тілшісі Айжан Амангелдинаның есепшоты:

 

KASPI GOLD (Master Card) AIZHAN AMANGELDINA 5169 4931 0137 9918

8777 296 38 34; ИИН 9805 2845 0165

 

ҚОЛМА-ҚАРАЖАТ БЕРЕМІН НЕМЕСЕ БАСҚАЛАЙ ҰСЫНЫС АЙТАМЫН ДЕГЕНДЕРГЕ:

 

Жымпиты ауылы, Х. Есенжанов көшесі, 17

Байланыс телефоны: 8 705 512 16 44; 8 775 156 64 06 (Whats App);

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале