16.04.2019, 17:39
Оқылды: 41

Сырымда «Бастау - Бизнес» кәсіпкерлік курсының қатысушылары жобаларын таныстырды

Сырым ауданында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті жаппай дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының ІІ бағыты бойынша өткен «Бастау - БИЗНЕС» кәсіпкерліктің бір айлық курсы аяқталды.

 IMG_8092

         Бизнес – тренер Динара Сүйінішқалиеваның мәліметінше, курстың І легіне 32 адам қатысқан. Олардың ішінде жеке кәсіпкерлер, шаруашылық құрылымдарының басшылары мен кәсіпкерлікке ниетті жеке тұрғындар бар. 80 сағат тәжірибелік сабақтан және 120 сағат консультациялық сабақтан тұратын курстың қатысушылары бір ай бойына 12 модульдан тұратын бағдарламаға сай бизнесті жоспарлау, бизнес психологиясы, маркетинг, салық және бизнес жоспарды құру мен іске асыру негіздерін үйренді.

         Бүгін «Бастау - Бизнес» кәсіпкерлік курсын толық аяқтаған 24 адам өздерінің бизнес жобаларын таныстырды. Олардың барлығы кәсіп бастау және дамыту үшін қаржылық институттардан несие алуға ұсыныс білдіріп отыр.

         Кәсіпкерлік курсының ІІ легі 22 сәуір күні басталады.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

IMG_8095 IMG_8116 IMG_8121

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале