6.09.2018, 17:23
Оқылды: 52

Сырымда діни сауаттылықты арттыруға арналған семинар өтті

«Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының мәжіліс залында «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, Тәжиден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінің найб имамы Әсет Раманқұлов пен облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Наурыз Убаев діни сауаттылықты арттыру бойынша семинар тренинг өткізді. Семинарды «Сырым» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы ұйымдастырды.

DSC_0854

            Дінді ұстану мен оған қызмет ету ерікті болғанымен, дәстүрлі дінге, қоғамның тыныштығына нұқсан келтіретін діни ағымдардың таралуына тосқауыл болу – әркімге де міндет. Жоғарыда аталған орталықтың төрағасы Ержан Жұмағожиевтің айтуынша, семинарға дін қызметкерлерінен бөлек, дінтану пәні мұғалімдері мен ауылдық округ әкімдері сондықтан қатыстырылыпты.

            Қатысушылар үшін Тәжиден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінің наиб имамы Әсет Раманқұлов жат ағымның өкілін анықтау және олармен жұмыс жүргізу туралы дәріс оқыды. Наиб имам түсіндірме жұмысын алдын ала жүргізу маңызды десе,  теолог Н.Убаев профилактикалық түсіндірме жұмыстарының жаңа форматтары жөнінде айтты.

            Семинар соңында қатысушылардың барлығына сертификаттар табыс етілді.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале