27.03.2019, 19:21
Оқылды: 22

Сырымда дінтану пәні мұғалімдеріне дәріс оқылды

Сырым аудандық білім беру бөлімінде педагогтардың діни сауаттылығын арттыруға арналған әдістемелік сағат өтті.

IMG-20190327-WA0016

Әдістемелік сағатқа білім беру бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі меңгеушілері және дінтану пәнінің мұғалімдері қатысты.

Басқосуда жалпы білім беретін Бұлан орта мектебінің тарих және дінтану пәнінің мұғалімі Серік Зиятов, Сырым аудандық орталық мұсылмандар мешітінің найб имамы Жасқанат Ерсайын, «Сырым» деструктивтік  діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігінің  төрағасы, теолог Ержан Жұмағожиев, қыз-келіншектермен жұмыс жасайтын теолог Әсел Әбдубәли дәріс оқыды.

Шынар Молданиязова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале