20.01.2020, 18:59
Оқылды: 329

Сырымда еркін күрестен ашық турнир өтті

Сырым ауданының Бұлдырты ауылында спорт ардагері, белгілі бапкер Ермек Орынбасаровтың 60 жасқа толу мерейтойы құрметіне еркін күрестен 2007-2009 жылы туған жасөспірімдер мен 2010-2012 жылы туған балғындар арасында аудандық ашық турнир өтті.

syrym sport (10)

Ермек Орынбасаров 1960 жылы 2 қаңтарда Бұлдырты ауылында дүниеге келді. Бұлдырты ауылындағы еркін күрес үйірмесінің тұңғыш ресми жаттықтырушысы ретінде ауыл балаларын күреске баулып, олардың чемпион болуына үлкен еңбек сіңірді. Мәселен, Нұрлан Сүттібаев, Серік Қойбағаров, Асылбек Ибатов, Ермек Әзбергенов, Ермек Хамзин, Руслан Бекжанов, Айдос Орынбасаров, Нұрлан Тасқалиев, Нұрхат Қабасов, Артур Қазбенов сияқты балуандар Ермек Орынбасаровтың төл шәкірттері.

syrym sport (1)

Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Төлеген Төреғалиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ шарада «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының бас редакторы М. Тасқалиев турнир иесі мен шараның негізгі ұйымдастырушысы Р.Бекжановқа «Үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» төсбелгісін табыс етті.

syrym sport (4)

Үш күнге созылған турнирде Ақжайық, Жаңақала, Бөрлі, Қаратөбе, Бәйтерек және Орал қаласының өзі мен қалалық спорт – интернатынан, Атырау облысының Индер ауданы мен Ақтөбе облысының Қобда ауданынан келген 160 балуан 15 салмақ дәрежесі бойынша белдесті.

syrym sport (8)

syrym sport (5) syrym sport (9)

Жұлдыз Әлпенова

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале