15.05.2019, 17:07
Оқылды: 23

Сырымда «Ішімдіксіз Рамазан!» акциясы өтуде

Сырым аудандық орталық мешітінде Рамазан айының құрметіне бірқатар игі шара жүзеге асуда.

IMG-20190510-WA0065

Мешіт жамағаты үшін 1 имам, 1 найб имам және 1 ұстаз қызмет етуде. Олар ниетті адамдар үшін күні бойына Құран дәрістерін үйретіп жатыр. Күн сайынғы тарауық намазын өткізу үшін Жымпитыға Тәжікстаннан қари келді. Қари Бехруз Рахымов Құран Кәрімді түгелдей жатқа оқиды.

Бас имамның бастамасымен аудан орталығында «Тегін такси» жобасы жүзеге аса бастады. Жомарт жүргізушілер қасиетті айдың құрметіне жолаушыларды ауыл арасына тегін тасымалдайды. Сонымен қатар дін қызметкерлері «Ішімдіксіз Рамазан!» акциясы жариялап, сауда орындарын Рамазан айында ішімдік сатпауға шақыруда.

Мешіттегі күн сайынғы ауызашарды ұйымдастырып, сауап алу үшін ауыл тұрғындары кезекке тұр.

«Сырым елі» газеті,

Сырым ауданы,

zhaikpress.kz

IMG-20190510-WA0055 

IMG-20190510-WA0057

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале