27.02.2020, 18:22
Оқылды: 89

Сырымда карикатурашылар байқауы өтті

«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы карикатуралар байқауын ұйымдастырған-ды.  Байқауға тапсырылған 40-қа жуық жұмыс 18 жасқа дейін және 18 жастан жоғары  топқа бөлінді. Айта кетелік, осынау жұмыстарды саралауға аудандық филиал жанындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі арнайы комиссия төрағасы Саламат Иманғалиев төрағалық етті.

karikat (3)

– Негізінен бұл байқау 1 наурыз -  Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отырған Партия күніне орай ұйымдастырылуда.  Жалпы  «Nur Otan» партиясы  бәйге мен көкпарға, түрлі спорттық жарыстарға, тағы да басқа көптеген шараларға демеуші болып келеді, - деді «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев.

karikat (2)

Сонымен, 18 жасқа дейінгі тұрғындар арасында бірінші орынды Мақсат Сүйінғали жеңіп алса, Нұржігіт Абылай мен  Дарын Болат жүлделі екінші, үшінші орындарды еншіледі. Көтермелеу сыйлығын  Мәдина Тілекқабылова иеленді. Ал енді 18 жастан жоғары карикатурашылардан бірінші орынға  Үміт Жұмабаева шықты. Екінші жүлде Мұрат Рамазановқа, үшінші жүлде Нұрболат Ханафинге бұйырса,  белсене қатысқаны үшін Ерес Тайшиев марапатталды. Сондай-ақ барлық жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.

                                                                                 Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале