27.01.2020, 11:34
Оқылды: 101

Сырымда «Қазақтың Қадыры» атты Рафхат Халеловтың фотокөрмесі өтті

Сырым ауданында Қазақстанның Халық жазушысы, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны мәтіні авторларының бірі, Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған шара өтті.

syrym qadyr (1)

Абыз ақынды 85 жылдығына орай еске алуға орайластырылған шара шайырдың ескерткіші қойылған Қадыр алаңынан басталды. Қонақтар ақын ескерткішіне тәу етті.

Одан кейін аудандық мәдениет үйінің фойесінде Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, кәсіпқой фотосуретші Рафхат Халеловтың «Қазақтың Қадыры» атты фотокөрмесі өтті.

syrym qadyr korme (2)

– Қадыр ағаны елге келген сайын суретке түсіретінмін. «Бұл суреттерді жинап қой, бір кәдеге жарар» деген бірде маған. Мен Қадыр ағаға: «Сіздің фотокөрмеңізді өткіземін»,- дедім. Алматы қаласында Қадырдың суреттерінен фотокөрме өтті. Енді міне, бүгін ақынның кіндік қаны тамған жерде фотокөрме өткізу бұйырып тұр, -деген Рафхат Елжасұлы дарабоз ақынмен жүздескен жарқын сәттерінен естелік айтты.

syrym qadyr korme (7)

Р.Халеловтың «Қазақтың Қадыры» фотокөрмесіне Қадырмен қатар Елбасы Н.Назарбаевтың түрлі диаспора өкілдерімен, Батыс Қазақстан облысының ардагерлерімен кездесуі, қазақтың танымал ақын-жазушылары Ф.Оңғарсынова, А.Бақтыгереева, мәдениет қайраткерлері А.Әшімов, И.Жақанов, Е.Хасанғалиевтердің өмірлерінің қайталанбас сәттерінен 40-тан аса сурет қойылды.

syrym qadyr korme (5)

Айта кетейік, Рафхат Халеловтың нысанасына іліккен әдемі, жанды сәттер республика, облыс көлемінде жарық көрген 40-тан астам кітапқа енген.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале