16.11.2018, 12:28
Оқылды: 64

Сырымда қазіргі заман қаһармандарына құрмет көрсетілді

 «Қазіргі заман қаһармандары» атты республикалық акция Сырым ауданында өтті. Акция бұған дейін өңірдің Зеленов, Бөрлі, Ақжайық аудандарында болды.

syrym (1)

-ҚР-ның Ішкі істер министрі, полиция генерал полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың тапсырмасымен, осынау бейбіт заманда ерлік жасаған ішкі істер органдарының қызметкерлерін құрметтеу үшін, жыл сайынғы республикалық «Қазіргі заман қаһармандары» акциясын жалғастыру мақсатында Сырым ауданына келдік. Бұл акция екі жыл бұрын Тараз қаласында Халық Қаһарманы, Ғазиз Байтасовты еске алудан басталып, былтыр Атырауда, биыл Батыс Қазақстан облысында жалғасын тауып отыр. Біздің полиция қызметкерлері Елбасының артқан сенімін ақтау үшін бар күш-жігерлерін салып келеді. Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның 1273 қызметкері қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлік танытқандары үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды. Оның ішінде 130-ы жауапты қызметтің алдыңғы шебінде жүріп қаза болғаннан кейін марапатқа ұсынылды,- дейді ҚР-ның Ішкі істер министрлігі Кадр жұмысы департаментінің басқарма бастығы, полиция полковнигі Мұрат Жақыпбеков.

         Мұрат Жақыпбеков ҚР-ның Құрмет грамотасын аудан әкімі Төлеген Төреғалиевке табыс етті.

         Аудан әкімі Т.Төреғалиев қазіргі заман қаһармандары туралы айта келіп, бүгінгі күннің батырларына алғыс хат пен сый-сияпатын ұсынды.

         Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен сабақтасып, Алматы қалалық ішкі істер департаментінің эстрадалық ансамблі аспаптармен сүйемелдеді.

         Шара соңында аудан әкімі Төлеген Төреғалиев 55 жылдан астам тарихы бар Алматы қалалық ішкі істер департаментінің эстрадалық ансамбліне, жетекшісі Ғалымжан Кәрібжанұлына елдің атынан алғыс хат табыс етіп, естелік сыйлық берді.

syrym (2) syrym (4)

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале