8.05.2019, 9:41
Оқылды: 21

Сырымда қос мерекенің құрметіне велошеру өтті

Сырым ауданының тұрғындары бүгін Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай Жымпитыда өткен көпшілік велошеруге қатысты.

IMG_9860

         Ауылдың батыс қақпасынан басталған шеру Алашорда, С.Датұлы, Абай, Амангелді секілді басты көшелерді жүріп өтіп, С.Датұлы атындағы мәдени-демалыс саябағына тоқтады.

         Спорттық шараның салтанатты рәсімінде Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев құттықтау сөз сөйледі.

         Велошеруге қатысқан Ерген Айдарханов «Ардагер қатысушы», Әлихан Ақберлі, Шәкәрім Төреғали және Айару Еркін «Ең жас қатысушылар»ретінде марапатталды.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

IMG_9855 IMG_9861 IMG_9869 IMG_9873 IMG_9875

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале