16.01.2020, 18:44
Оқылды: 261

Сырымда квест ойыны өтті

Сырым аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық» орталығы мен «Сырым жастары» ЖҚБ ұйымдастыруымен Ж.Досмухамедов атындағы мектепте студенттер, еріктілер және  жас мамандардың қатысуымен аудандық «Тарихи өлке» квест ойындары өтті.

syrym suret (6)

Ел болашағының баянды да тұғырлы болуы, сол елдің жастарының қолында. Оған қоса, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Еріктілер жылы деп жариялай отырып, "Мен еріктілер адал ниетті адамдар екеніне сенемін. Волонтерлік - бұл шынайы патриотизмнің бейнесі, өйткені, сіз елге қызмет етіп, барлығын да халық үшін жасауға тырысасыздар" деп атап өткені көпке мәлім.

syrym suret (7)

 Жалпы квест ойындары арқылы кез келген адамның мінезін анықтауға болады. Олардың қиындыққа тап болған кездегі іс-әрекеті шынайы бет-пердесін көрсетеді.

Бұл жолғы квест ойыны «Дәлде», «Пирамида», «Қосаяқ», «Ободок», «Жұлдызбен жекпе-жек», «Леголас», «Бірлігіміз жарасқан» сынды бөлімдерден тұрды. Ойынға 14 команда қатысып, бақ сынады.

syrym suret (9)

Ойнай жүріп, ойлауды қажет ететін ойынның қорытындысы бойынша арнайы «Үздік талпыныс» аталымдарымен Көздіғара ауылдық округінің «Жалын», «Аралтөбе жастары», Сарой ауылдық округінің «Заңғар», Жосалы ауылдық округінің «Жігер», Жетікөл ауылдық округінің «Болашақ», «Бұлан» командасы, Бұлдырты ауылдық округінің «Ләйлім», «Алғабас жастары» командасы, «Аудандық аурухана» командасы, Сырым колледжінің «Бірлік», Қ.Мырзалиев атындағы мектептің «Достық» командалары марапатталды.

syrym suret (10)

Ал Жосалы ауылынан келген Жәнібеков Нұрсұлтан үздік ойыншы атанды. Сонымен жүлделі үш орынды Қособа ауылдық округінің «Жалын» командасы иеленсе, екінші орын Ж.Досмұхамедов атындағы мектептің «Алаш» командасына бұйырды. Бірінші орынды аудандық мәдени демалыс орталығынан құралған «М-DҮ» командасы жеңіп алды.

Айта кетелік, жеңімпаздар дипломмен қоса, кубокпен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Жұлдыз Альпенова

Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі

 ресурстық орталығы тілшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале