2.10.2019, 10:03
Оқылды: 176

Сырымда мектеп түлектері тегін газ өткізді

Сырым ауданы Қособа ауылдық округі Жырақұдық ауылында ауыл мектебін 2004 жылы бітірген түлектер жалғыз тұратын Марфуға Аймова есімді ананың үйіне газ өткізіп берді.

Пеш жағудың азабынан құтылып, жұрт секілді көгілдір отынның игілігін көру Марфуға апайдың арманы еді. Ауылдың жігіттері ерледі. Қаражат жинап, тұрғын үйге газ желісін қосу қызметінің ақысын төледі. Кейін бір үйге қажетті жылу құралдарын түгел сатып алып, дәнекерлеу жұмыстарын да жасап, жылу жүйесін өз қолдарымен жүргізді.

syrym qosoba (4)

Жүректері жомарт, қолдары шебер 87-лердің игі ісін Қособа ауылдық округінің әкімі Бейімбет Жайманов пен жергілікті депутат, «Мүтір» шаруа қожалығының жетекшісі Жеңіс Шапешов, сол секілді бірқатар ауыл тұрғыны қолдап, Марфуға апайдың баспанасының іші - сыртын ақтап, майлап, ауласын да қоршап беріпті.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале