14.02.2020, 10:50
Оқылды: 146

Сырымда мектептер арасында фестиваль басталды

Сырым ауданында ІV аудандық «Сыр шертеміз тарихтан» фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Биылғы фестивальдің ерекшелігі атаулы даталардың құрметіне өтпек.

syrym (3)

Байқауды алғашқы болып Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп бастады. Мектеп оқушылары мен ұстаздары әсем әндерін әуелетіп, Жүрсін Ерман атындағы айтыс сыныбының шәкірті Қондыкер Елеуов күмбірлете күй ойнаса, Ақбота Ширмедин өзінің соғыс жайында авторлық қойылымын ұсынды.

syrym (4)

Фестивалдің әділ өтуін әділ-қазылар мүшесінің төрайымы аудандық «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының» директоры Дидар Ищанова, «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев, ардагер-ұстаз Гүлбақша Ерғалиева, аудандық «Балалар шығармашылық орталығының» би үйірмесінің жетекшісі Айнагүл Сарғозиева, Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Айнагүл Ойшыбаева, аудандық саз мектебінің дәстүрлі ән сыныбы оқытушысы Дархан Қажғалиев қадағалады.syrym (2)

Өнер көшін А.Жұмағалиев атындағы мектеп, Көгеріс негізгі мектебі және Бұлдырты орта мектебі, Көздіғара мектептері жалғайды.

syrym (5)

Айжан Бауыржанқызы
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале