22.05.2019, 16:03
Оқылды: 29

Сырымда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы анықталды

Сырымда «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезеңі өтті. Алдымен отбасылар әулеттің тарихынан сыр шертетін бұйымдарынан, жетістіктерінен құралған көрмелерін таныстырды.

IMG_5262

Шараға аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов қатысып, құттықтады.

- Әр отбасының өзіндік орны бар. Олар еліміздің өсіп-өркендеуіне, дамуына, үлес қосып келеді. Сырым ауданында 4 959 отбасы бар. Олардың қатары жылма-жыл артып келеді. Өткен жылдың өзінде 84 отбасы  некесін қиса, биыл мамырға дейін 23 отбасы тіркелді. Осы байқауда 2015 жылы ауданнан қатысқан Кенжебаевтар отбасы облыста үздік атанып, республикалық байқауда лауреат атанды, -деді Асланбек Ахметоллаұлы.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының ауданық кезеңінде бас жүлдені Талдыбұлақ ауылдық округінен Телегеновтар отбасы еншіледі. Хакімғали Телегенов – «Атансай» шаруа қожалығының жетекшісі. Зайыбы Жібекпен екі ұл, үш қызды тәрбиеледі. Жас кезінен мал шаруашылығымен айналысып, ұлттық салт-дәстүрді ұстанып келеді. Ұл-қыздары аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып жүр.

Жымпиты ауылдық округінен Шайхиевтер отбасы І орын, Елтай ауылдық округінің намысын қорғаған Шөлеуовтар отбасы ІІ орынды  иеленді. Байқаудың үшінші жүлдесі Алғабас ауылынан келген Мұстажаповтар отбасына бұйырды.

Сырым аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева байқауда лауреат атанған Аралтөбе ауылдық оругінен келген Кереевтер, Бұланнан келген Бегалиевтер мен Ешмұхамбетовтер, жетікөлдік Бисалиевтер, Қособадан қатысқан Шапешовтар, Сарой ауылдық округінен Молдашевтар отбасын марапаттады.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы,

zhaikpress.kz

DSC_2296

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

IMG_5252 IMG_5283

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале