27.10.2020, 18:13
Оқылды: 30

Сырымда өлкетанушылар сайысы өтті

Сырым аудандық «Жас туристер станция» КММ жоспарына сай  облыстық «Ашық аспан астындағы музей-қала» экскурсиялық бағдарлау жарысының аудандық кезеңі ұйымдастырылды.

ӨЛКЕТАНУШЫЛАР САЙЫСЫ (2)
Аталған шараның мақсаты оқушыларды тарихи-мәдени мұраларымен таныстыру арқылы ата-баба ерліктерін дәріптеу еді. Шараға орталық жанындағы ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы, ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы,  ЖББ Бұлдырты орта мектебі, ЖББ Көгеріс негізгі мектебі мен «Сырым колледжі» жанындағы туристік-өлкетану және экология үйірмелерінен барлығы 12 команда қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша «Ұшқын» командасы (жетекшісі Т.Исатаев) ІІІ орынға ие болса, жүлделі ІІ орын «Жас эколог»  командасына (жетекшісі Р.Магзумов) бұйырды. Жарыс жеңімпаздары болып «Экодостар» командасы (жетекшісі А.Бекмуханова) табылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале