23.05.2019, 11:38
Оқылды: 52

Сырымда саз мектебінің түлектеріне куәлік берілді

Сырым аудандық мәдениет үйінде өткен «Өнер әлеміне қанат қаққандар!» атты балалар саз мектебінің шығармашылық есеп беру концертінде 7 түлекке саз мектебін аяқтағандығы туралы куәлік табыс етілді.

IMG_0602

         Атап айтсақ, Іңкәрсезім Нұржанова мен Ақниет Бітімғали мектепті фортепиано сыныбы бойынша, Камила Ғаділханова, Дінмұхамед Құмарғали, Ерболат Ғани және Мұрагер Мақсотов домбыра сыныбы бойынша, ал Тұрарбек Опағалиев труба сыныбы бойынша тәмамдап отыр.

         Куәліктерді салтанатты түрде тапсырған саз мектебінің директоры Бекей Қанатов өзінің құттықтау сөзінде, аудандық балалар саз мектебі - талантты балалардың өнер әліппесін үйренетін, кәсіби өнердің биігіне қарай алғашқы қадам жасайтын қасиетті ордасы екендігін айтты. Мектеп директоры бітірушілердің ата-аналарына мектеп жұмысына атсалысқандары үшін алғыс хат тапсырды.

         Шығармашылық кеште жас пианистер мен домбырашылар, күйшілер, скрипкашылар, сонымен бірге баян және труба үйірмесінің оқушылары мұғалімдерімен бірге өнер көрсетті. Айта кетейік, аталған өнер мектебінде бүгінгі күні 7 педагогтан 101 оқушы сабақ алады.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы,

zhaikpress.kz

IMG_0659

 

dav

oznor

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале