10.07.2020, 9:41
Оқылды: 49

Сырымда тексеріс барысында сақтық шаралары ескертілді

Сырым ауданында қауіпті дерттің белең алғаны баршаға аян.

B60073F8-EB2F-49E4-AEBC-61584A3CF67C

Осы бағытта халық арасында коронавирустан сақтану, сақтық шараларын қолдану бағытында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Қарлығаш Мұқамбетқалиеваның басшылығымен аудан орталығындағы "Өркен", "Жолаушы", "Крупская", "Everest", азық-түлік сауда орындары және көлік жуу, жағармай құю бекеттерінде арнайы тексеру шаралары жүргізілді.

4BE37B0F-0F28-4B4D-B164-1F2F0FAB36BE

Шараның басты мақсаты - күнделікті бағытта санитарлық талаптарды сақтай білу бағытында түсіндірмелер айтылып, егер де негізгі негізгі ереже талаптарын бұзу деректері орын алған жағдайда жеке тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш, яғни 83 340 теңге айыппұл, ал лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлік тұлғаларға 230 айлық есептік көрсеткіш яғни 638 мың теңге көлемінде айыппұл салынатындығы ескертілді.

96B6568A-938A-4AE4-93AD-B0316D8B1C69

Мүсірбек Әлібекұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале