26.11.2018, 17:27
Оқылды: 73

Сырымда «Зайырлы қоғамдағы діннің орны» атты дөңгелек үстел өтті

Сырым ауданында «Сырым» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Зайырлы қоғамдағы діннің орны» атты дөңгелек үстел өтті.

syrym (8)

Дөңгелек үстелге Орал қаласы Тәжиден Батырұлы атындағы қалалық мешіттің бас имамы Мейрамбек Абдрахманов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы Ержан Жұмағожиев және аудан жастары қатысты. Басқосудың басты мақсаты - дәстүрлі ислам дінін насихаттау, жастардың діни сауаттылығын арттыру, деструктивтік діни ағымдардың жеке тұлғаға, қоғамға тигізетін кері ықпалы жөнінде ой салу дейді ұйымдастырушылар.

Мейрамбек Абдрахманов зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі, дәстүрлі Ханафи мазхабы мен деструктивтік діннің айырмасы тақырыптарында дәріс оқыды.

«Сырым аудандық» мұсылмандар мешітіне ат басын бұрған М.Абдрахманов жұма намазы кезінде мешіт жамағатына «Бала тәрбиесі – отбасынан басталады» тақырыбында уағыз айтты.

Уағыз барысында: «Бұл жалған дүниеде ата-ананың бақыты, қуанышы сәби. Сондықтан әрбір ата-ана Аллаһ Тағаладан жақсы перзент беруін тілейді, қашан да оған мұқтаж болады. Асылында, бала тәрбиесі ықылым заманнан бері күн тәртібіндегі маңыздылығын жоймаған, тіпті елдің өзіндік тектілігін айқындайтын өзекті мәселелердің бірі. Өйткені бүгінгі бала – елдің ертеңгі болашағы. «Ел болам десең, бесігіңді түзе», «Баланы жастан...», «Қызға қырық үйден тыйым», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген нақыл сөздер текке айтылмаса керек. Дана халқымыз осы тәріздес мән-мағынасы терең нақыл сөздер арқылы өскелең ұрпақтың бойына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, оның тәрбиесіне де баса назар аударып, көңіл бөлген. Қорыта келе Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтқандай «көңіл жайдары» әрі ата-анаға берілген сый болып табылатын балалардың аманат екендігін естен шығармау керек. Сондықтан, балалардың материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз етумен қатар, рухани қажеттіліктерінің де өтелуіне баса назар аударуымыз тиіс,-дейді қалалық мешіттің бас имамы М.Абдрахманов.

syrym (1)Үміт ЖӘҢГІРОВА,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале