30.03.2020, 14:19
Оқылды: 330

Сырымда заңсыз жолаушы тасымалына шектеу қойылды

Бүгіннен бастап Сырым ауданында жолаушы тасымалымен заңсыз айналысатын таксилердің жұмысына шектеу қойылды. Рұқсат тек заңды тіркелген әрі санитарлық талаптарды сақтаған таксилерге беріледі.

dav

Таңмен Сырым аудандық тұрғын – үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мейрам Қайырғалиев, Сырым аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Бақытжан Қазақстанов Жымпитыдағы такси тұрағына барып, көлік иелеріне төтенше жағдайдың талаптарын түсіндірді.

oznor

Жолаушыларды заңсыз тасымалдауға шектеу қою - бүгін еніп отырған тәртіп емес. Десекте, қай кәсіпке де заңның рұқсаты керек. Мынадай төтенше жағдайда тәртіп тіпті күшейді. Заңды таксилердің жүргізушілерінің өзіне қолғаппен, бетпердемен жүру, көлікке дизинфекция жасап, антисептикалық құралдарды қою міндеттелді. Сырым ауданында бұл қызметпен заңды түрде «Сырым такси» айналысады. Басшы Бейбіт Тахамбетовтың айтуынша, Орал – Жымпиты бағытындағы күнделікті рейсте 30 такси жүр.

Түске жақын Жымпитыда шектеуге бағынбаған 1 көліктің иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.

 Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале