30.06.2020, 16:14
Оқылды: 80

Сырымда «ZhasРедакция» шарасы өтті

Сырым ауданында, «Сырым елі» газетінің редакциясында журналистер күніне орай «ZhasРедакция» атты өзін-өзі басқару күні өтті. Редакциядағы редактор мен жауапты хатшының және тілшілердің орынын жарты күнге газеттің жас тілшілері алмастырды.

sdr

«ZhasРедакцияның» бас редакторы Жанерке Матышева әуелі әріптестерімен лездеме өткізді. Лездеме «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің осы аптадағы №26 санын жоспарланып, журналистерге тапсырмалар берілді.

Бас редактордың тапсырмасымен журналист Ақниет Бітімғали Жымпитыны абаттандыруға үлес қосып жатқан «Жасыл ел» еңбек жасағының жұмысын түсіруге кетті. Жауапты хатшы Бекзат Қанаділов мал азығын дайындап жатқан шаруалармен жолығып, жазғы далалық жұмыстармен танысу үшін Бұлан ауылдық округіне іссапарға аттанды. Ал журналистер Ақбота Ширмедин мен Замир Махмет Сарой ауылдық округіне барып, Абай атындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстары және ол жерде еңбек етіп жатқан студенттік құрылыс жасағының жұмысы туралы сюжет дайындады. Редактор Жанерке Матышева газеттің баспасөз алаңында журналист Ш.Молданиязованың әңгімесінің желісінде түсірілген «Қос қарлығаштың қасіреті» атты фильмнің режиссері және актерларымен сұқбат өткізді.

dav

Жас тілшілер түске жақын «Сырым жастары» жастар орталығына жиналып, жинаған материалдарын қағаз бетіне түсірді. Жауапты хатшы Бекзат Қанаділов «ыстық» мақалаларды қабылдап, газет беттеріне орналастырды. Кейбір материалдар өзектілігіне газет парақшасына және «Жайық Пресс» сайтына жолданды.

dav

Шараның қорытындысына Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев қатысып, жас тілшілерге шеберлік күніне қатысқандығы жөнінде сертификаттар табыс етті. Айта кетейік, жаңақалалық кәсіпкер Саламат Сертеков бұқаралық ақпарат өкілдері күніне орай 10 жас тілші мен оқырманды «Сырым еліне» жаздырды. Түбіртектер кеше сертификаттармен бірге берілді.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале