24.01.2019, 10:42
Оқылды: 42

Сырымдағы қожалық бір жылда 12 мың литр қымыз өндірген

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Шолақаңқаты ауылдық округіндегі жұмыс сапарының барысында Құспанкөл ауылындағы «Правда» шаруа қожалығының қыстағында болды.

pravda (2)

         «Правда» шаруа қожалығының жетекшісі Қайрат Меңдіғалиев, осындай асыл тұқымды 100 бас аналық сиыр мен 6 бұқаны Ақтөбе қаласынан жалға алған. Шарт бойынша қожалық енді жалға беруші тарапқа жылына 50 бас ірі қара беріп тұруы тиіс.

         -Ангус-абердин сиырлары біздің жақта биыл бірінші рет қыстап жатыр. Өзімізше, қоректенуін, жүріс-тұрысын зерттеп жатырмыз. Етті тұқым болғандықтан ба ангустар өте тәбетті болып келеді. Күніне үш мезгіл азықтандырамыз. Жем-шөптен тарықтырып жатқан жоқпыз, – дейді Қайрат Меңдіғалиев.

         «Правда» шаруа қожалығы өңірге қымыз өндіруші шаруашылық ретінде де танымал. Шаруашылық 200-ге жуық биеден жылдық сауу маусымында 12 тоннадай қымыз өндіреді. «Правданың» қымызы Орал қаласында жоғары сұранысқа ие. Қожалықта 8 адам тұрақты жұмыс істейді.

pravda (3)

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале