16.01.2020, 18:53
Оқылды: 274

«Сырымдағы сұхбатта» - аудан әкімі Төлеген Төреғалиев пен жеке кәсіпкер Ғанимат Нұрмұханов

 

Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің «Сырымдағы сұхбат» жобасының бұл жолғы қонақтары аудан әкімі Төлеген Төреғалиев пен облыстық мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Ғанимат Нұрмұханов болды.

syrym suret (1)

Қос қонақта да ең алдымен балалық шақтағы асқақ армандары туралы баяндап, өмір жолында кездескен қиындықтарды да ұмыт қалдырмады. Бір қызығы екеуінің де басты армандары жоғары білім алып, білікті маман болу болыпты. Кейін Төлеген Серікқалиұлы он жыл аудан әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары болып қызметін атқарған. Қазіргі күні ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосамын деген жастарға қолдау білдіруге әзір. Қонақтарымыз сұхбатқа қатысушы жастарға ең алдымен сұранысқа ие мамандықты игере білсе, абырой оларды өзі іздеп табатындығын айтты.

syrym suret (3)

Әңгіме арасында Төлеген Серікқалиұлының мемлекеттік қызметке 47 жаста келгендігін естіген жастар терең ойға беріліп, мақсаты биік жан қай кезде де өз биігіне шыға алатындығын ұғынғандай болды. Жеке кәсіпкер Ғанимат Қайыржанұлы да жастарға ауылдық жерден мол тәжірибе жинау арқылы үлкен белестерді бағындыруға болатындығын нақты мысалдар арқылы түсіндірді.

Кездесуге қатысқан жастар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, ашық-жарқын әңгіме-дүкен құрды. Ал Ғанимат Қайыржанұлының кәсіп ашамын деген жастарды қолдауға әркез әзір екендігін білдіруі оларға тың серпіліс бергендей болды.

Жұлдыз Альпенова,

Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі

 ресурстық орталығы тілшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале