20.06.2017, 13:15
Оқылды: 26

Сырымдық 127 түлек ҰБТ тапсыруда

99b4af86-900a-480f-88f3-7d9fdc24c6d5Бүгін Сырым ауданында мектеп түлектері үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Тестілеу алды өткен салтанатты жиынға аудан әкімі Абат Шыныбеков арнайы қатысып, түлектерге сәттілік тіледі.


Биыл аудан бойынша 13 мектепті барлығы 189 оқушы аяқтады. Осылардың ішінен 127 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып жатыр. Тест тапсырушылар Ж. Досмұхамедов атындағы мектеп балабақша кешеніндегі 3 аудиторияға орналастырылды.

Айта кетейік, биылғы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу жаңа форматпен жүзеге асырылып отыр. Биылдан бастап, түлектер орта мектепті бітіргені туралы аттестатты мектептегі қорытынды аттестацияның шешімімен алатын болды. Кейін жоғары оқу орынына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырады.Тест жұмыстары үш міндетті пәннің және түлектің өзі таңдауына байланысты бес бейінді пәннің сауалдарынан тұрады.
Тестілеу қорытындысы түстен кейін белгілі болады.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале