27.10.2020, 16:34
Оқылды: 22

Сырымдық алғыс арқалаған абзал жан

        25 қазан - Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аясында аталмыш саланың маманы Маржан Қорғанова зейнеткерлікке шықты.

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН АБЗАЛ ЖАН Абзал жан Маржан Хамитқызы 1961 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Қызыл Ту колхозында түрлі қызметтер атқарып, 2011 жылдан бастап Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде Алғабас ауылдық округі бойынша жалғызбасты қариялар мен мүгедектерді қамқорлайтын әлеуметтік қызметкер болып қызмет атқарып келді.

М.Қорғанова 2015 жылы «Аудан күні» мерекесіне орай ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында белсенділік танытқаны үшін «Ең үздік әлеуметтік сала қызметкері» аталымына ие болса, 2017 жылы Алғабас ауылдық округі әкімінің алғыс хаты мен марапатталды. М.Хамитқызы әріптестерінің алдында беделді, ауылдастарының алғысын арқалаған абзал жан.

Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале