23.06.2017, 10:54
Оқылды: 58

Сырымдық әнші «Атамекен» байқауынан жүлделі оралды

 

sirim bekeiСырымдық әнші Бекей Қанатов Орал қаласында өткен ҚР Халық артисі, Мемлекеттіқ сыйлықтың лауреаты, әнші композитор Ескендір Хасанғалиевтің әндерін орындаушылардың дәстүрлі халықаралық "Атамекен" атты ән байқауында ІІ дәрежелі жүлдегері атанды.


Байқауда Қазақстан Республикасынан бөлек, Ресей Федерациясы мен Қытай Халық республикасынан да кәсіби әншілер бақ сынаған еді.

Бекей байқаудың іріктеу кезеңінде-ақ өте сәтті өнер көрсетіп, қарсыластары үшін қиын бәсекелеске айналып үлгерді. Ол алғашқы кезеңде "Жолыңа қарап тұрмын мен!" әнін орындады. Келесі айналымда орындаған "Күрсінбеші" әні де Бекейдің өнеріне жақсы баға алып берді. Біздің әнші туралы атақты сазгер, қазылық құрамының төрағасы Ескендір Хасанғалиевтің өзі жылы пікір білдіріпті.

Бекей Қанатов бүгінгі күні Сырым ауданының мәдениет саласында еңбек етеді.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале